Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреу бірдеңе тығып ала ма деп қорықтық": Дариға Бадықова мен Олжас Абай не үшін күзетпен жүргенін түсіндірді

Танымал актриса Дариға Бадықова мен әнші, актер Олжас Абай ел алдына не үшін күзетпен шыққанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aq pen qara подкасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Өнер иелерінің “Сезім үшін” дуэті жылдың үздік әні атанып, “Таптым-ау сені” фильмі көп қаралым жинап, рекорд жаңартқан еді. 

“Біз "болдық, толдық, күзетші беріңдер" демедік. Күзетпен тек бір ғана ұжымдық кешке бардық. Бізге де ақша керек. Той мен кештерге шығамыз. Оның үстіне әніміз хитке айналды. Ол кезде мейрамхана иесі өздері берді. Өйткені халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деген болуы керек. Әртүрлі адамбыз, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Ешкімнің ішіне кіріп шыққан жоқпыз. Сақтық үшін жасалған дүние еді. Соны іліп әкетіп, бізді жаманатты етіпті. Екі түрлі бағытта шығарған. "Батыс жабайы" деген әңгімені де біз айтыппыз. Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70%-ын батыс өңірінің халқы жасаған. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ батыс өңірінің халқы жанашыр екен”, – деді актриса. 



Алайда күзетсіз кірген тойда оқыс оқиға болған. Адамдар құлап, актрисаның шашын жұлған.

“Бір күнде 8 мейрамханаға бардық. Сол кезде адамдар бізбен фотоға түсеміз деп жүгіріп, сүрініп құлаған. Шашымыздан тартып, көп адам қысылып қалды. Кейбір тойға үлгермей жаттық. Бір тойға күзетсіз барып, өліп қала жаздағанбыз. Негізі елімізге танымал өнер адамдары күзетпен жүрсе қуануымыз керек. Голливуд жұлдыздарын арнайы жасақ күзетеді екен. Сол жаңалыққа таңғаламыз. Өзіміз жүрсек, сөзге қаламыз?! Қазақ спорт пен өнерден басқа әлемге несін танытады”, – дейді өнер иелері. 

Еске салайық, Дариға Бадықова фильмін сынағандарға жауап бергенін жазған едік. 

Талқылау