Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірдей уақытта бала сүйсек екен": Фариза Төреәлі сіңлісінің орындалған арманы туралы айтты

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі желіге бұрын-соңды жарияланбаған жүкті кездегі фотоларын жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Әпкелі-сіңілі Дина мен Фариза Төреәлілер фотосессия жасатқан.

“Динаның бала күннен бері маған айтатын бір арманы бар еді. "Екеуміз бірдей бір уақытта бала сүйсек екен" дейтін. Алла қалап ниетіне нәсіп етті, соны еске түсіріп таң қалудамыз. Анамыз сияқты батыр ана, дана әйел болуды нәсіп етсін! Ата-ананың қадірін өзің ата-ана болғанда түсінетінің рас екен. Олар үшін көп жақсылық жасайық, көп дұға етейік. Ананың балаға жасаған дұғасы қабыл демекші, анамның шын тілегі қабыл болды. Алла барша ұрпақ тілеп жүрген жандарға айтарым, үміттеріңізді үзбеңіздер! Алланың мейірімі шексіз. Ана болу бақытын әрбір қызға тіледік”, – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары қос блогердің бөпелеріне ұзақ ғұмыр тілеп жатыр. Кейбір оқырмандары әлі күнге дейін аяғы ауыр болғанына сенбейтінін де жазып жатыр. 

Сондай-ақ блогер ұлының “Қырқынан шығару” рәсімін өткізді. Фариза мен Дархан бас қаланың қымбат мейрамханаларының бірінде ағайындарының басын қосты. Блогердің төркіні тұңғыш жиенге қымбат сыйлықтар әкелді. Нағашы ата-әжесі оған бесік, көрпе, жастық түрлі киім-кешек пен тағы басқа керек-жарағын сыйлады. Оған қоса өзіне жиен сыйлаған қызы мен күйеу баласын да сыйлықсыз қалдырмады. Олар жас ата-анаға танымал брендтен сыйлық табыстаған. Сондай-ақ Фариза Төреәлінің анасы құдағиына да ерекше сыйлық тарту етті. Ол қызының екінші анасына ұлттық үлгідегі камзол жапты. 

 

Талқылау