Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірдей киінетін ерлі-зайыпты зейнеткерлер ғаламтор жұлдызына айналды (фото)

Нью-Йорк штатының Олбани қаласында тұратын зейнеткер жұп бірдей киінгенді ұнатады екен.  Олардың ерекше әдетін немересі алғаш болып желідегі парақшасына суреттерін жүктей отырып жазған.

бірдей-жейде

БҰл туралы Daily Mail жазды.

«Менің әжем мен атамның отбасын құрғанына 52 жыл болды. Олар әр күні киетін киімдерін ақылдаса отырып таңдайды»,-деп жазған 17 жасар Энтони.

қария

Фрэн мен Эд Гаркуильдердің суреті желіге 29 тамыз күні жүктелген. Бес күннің ішінде  қариялардың ерекше киім киген суреттеріне 80 мың лайк басылып, 38 мың рет таратылған. Осы аралықта америкалық көптегенарналар  қариялар жайлы арнайы бағдарлама түсіруді де жоспарлапты.

Daily Mail қариялар алғашында  биге және шіркеуге осындай үлгіде киініп жүрген. Кейіннен кез-келген ортаға киюге жарамды бір түсті, ұқсасжейделерді іздестіре бастапты. Тіпті таныстары олар алғаш рет бірдей киіне бастаған кезде «не болды?» деп сұрақтың астына алған көрінеді.

Қариялардың жастарша желіде жұлдызға айналған сәті бұл ғана емес. Мысалы көпшілікке Техас тұрғынының желідегі мына парақшасы да өте қызық екен. Себебі, қарияның Инстаграмына жазылушылар мен пікір қалдырушылар көп.

 

Талқылау