Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірден алып тастау мүмкін емес": ҚТЖ әлі күнге Әлия Назарбаеваға қатысы бар компаниямен жұмыс істеп келеді

Қазақстан темір жолы Әлия Назарбаевамен байланысы бар компаниямен келісімшартын бұзбай, жұмыс істеп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, "Instant Payments" ЖШС билеттерді онлайн сату қызметі 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап басқа компанияға ауысады.

Сауранбаев компаниямен келісімшартты бұзу оңай емес екенін, сондықтан процесс бір жылдан астам уақытқа созылғанын атап өтті. Ашық конкурс өткізілген, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңа компания қызмет көрсететін болады.

"Бұл мәселе туындаған кезде жоғарыда аталған акционер акционерлер қатарынан бірден шығып кетті, яғни ол жоқ, ал бұл цифрландырумен айналысатын команда. Компаниямен келісімшартты қазір де бұзуға болады ,бірақ ондай жағдайда біз онлайн сатып алу қызметін көрсете алмаймыз, яғни бірден алып тастау мүмкін емес. Ашық конкурс өтті. Басқа компания жеңіп алды. Ал қазір жұмыстарды Instant Payments-тен осы компанияға аудару жүріп жатыр", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Instant Payments компаниясы 2011 жылы құрылған. Бүгінгі күні "Instant Payments" ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы әрі директоры ресми деректер бойынша Диас Мәдіғожин. Бұған дейінгі ақпарат бойынша, компанияның құрылтайшыларының арасында Әлия Назарбаева да болған.

Талқылау