"Бірден актер болмадым". Тұңғышбай Жаманқұлов театрдағы өнер жолы неден басталғанын айтты
Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында театрдағы алғашқы қызметі жайлы баяндады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Екінші курс студенті Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрға қызметке тұрғанымен еңбек жолын актерліктен бастамаған. Оның алғашқы жұмысы – ілеспе аударма бөілімндегі аудармашылық қызмет. Танымал актер Кәдірбек Демесінов те өнердегі әріптесі туралы бірер ойымен бөлісті.
“Орыс, тағы да басқа ұлттан келетін, қазақша білмейтін адамдар бар ғой. Солар құлағына құлаққап салып алып, қойылымды сонымен көретін. Сөйтіп жүріп ол актерлік бөлімге өтті. Қылдырықтай Жаманқұлов Қазақстан бойынша театр одағын басқарады деп кім болжаған? Бұл – өмір. Барлығы өзінің табандылығы мен еңбегінің арқасында”, – дейді актер.
Театрдағы алғашқы қызметі жайлы Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі баяндап берді.
“Ұстазым Хадиша Бөкеева менің 11 баланың тұңғышы болғандықтан киімге сылбырлау екенімді байқаған болу керек. Ол мені театрға спектакльдерді орысша аудармашының орнына орналастырды. Диктор апайымыз ауырып қалған еді”, – дейді актер.
Бағдарлама жүргізушісінің: “Аудармашылығыңызға қанша еңбекақы алатын едіңіз?” деген сауалына ол: “60 сом алатынмын. Жақсы оқығаным үшін Лениндік степендия алдым. Содан әжептәуір бай болдым. Жатақханада бірге жататын Кәдірбек мен спектакльден келгенше қалтамнан ақша алып, шәй ішіп отыратын”, – деп күліп жауап берді.