Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірде әкемнің досы келді": Қазақстандық боди-массажист қыздар жұмысы туралы ашық айтып берді

Боди-массажист болып жұмыс істейтін қыздар өздерінің жұмысы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: emilia-spanish.ru

Боди-массажист жұмысына оралдық бойжеткен 21 жасында құрбысының шақыруымен келген. Қыздың айтуынша, алғашында қорыққан. Бірақ қомақты несиесі қорқынышын жеңген екен.

"Түрлі ер адамдар келеді. Әрқайсысының дәрежесі әртүрлі. Қыздар да жүгінеді деп естідім, бірақ көбіне ерлі-зайыптылар. Жеке өзім ондай жұптарға көңіл бөлмеймін. Себебі олар лесбиянка шоуларын көрсетуді сұрайды. Клиенттердің 70 пайызы қарым-қатынас пен демалу үшін келеді. Әрине, физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру керек. Алайда мен интимдік қызметтердің жоқ екенін айтамын. Одан кейін отбасы, балалары, өмірге деген көзқарастары туралы әңгіме өрбиді. Көбінесе клиенттер жыныстық қатынасқа қосымша төлем ұсынады. Менің ең қатты жек көретінім де осы. Біздің қызметімізді пайдаланатын үйленген еркектерді де жек көремін", - деді қыз.

Қыздың айтуынша, оның массажист екенін отбасы біледі. 

"Өз жұмысымнан ұялмаймын. Өйткені менің өсіп келе жатқан ұлым бар, табыс керек. Бір күні әкемнің досы келіп, қатты таң қалды. Мен оның бетіне еш қымсынбастан қарадым. Достар мен таныстар массажға келмейді, бейтаныс адамдарды немесе тұрақты клиенттерді ғана қабылдаймын", - деді бойжеткен.

Қызметтің орташа көлемі сағатына 25-30 мың теңгені құрайды. Бұған кәсіби толық дене массажы мен эякуляциямен эротикалық массаж кіреді.

Ал келесі кейіпкер қыз дене массажына 18 жасында келген. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі құмар ойнап, ішкілікке салынғандықтан ішер асқа ақша қажет болған. Күнкөріс қамы мен балалары үшін боди-массаж қызметіне келген. Ол қай жерде жұмыс істейтінін отбасынан жасыратын көрінеді. 

"Мен балаларыма лайықты білім бергім келеді", - деді массажист.

Ал полицейлер қыздардың өз еркімен массаж жасамайтынына сенімді.

"Тәжірибе көрсеткендей, адам саудасымен айналысатындар құрбандарға қарсы алдау, қорқыту, бопсалау, физикалық зорлық-зомбылық көрсету арқылы әрекет етеді. Көбінесе ауыл тұрғындары, студенттер, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққандар зардап шегеді. Жалдаушылар массажист немесе күтуші ретінде жақсы жалақымен қамтитын жұмыс тауып беруге уәде береді. Жәбірленуші басқа қаладан келеді, ол жерге келгенде оның құжаттарын тартып алып, әлеуетті клиентпен таныстырады. Содан кейін олар туыстарың бұл оқиға туралы біледі деп бопсалай бастайды.

Сонымен қатар күдіктілер жәбірленушілерді жоқ айыппұлдармен қорқытады. Сосын шошынған бойжеткен ақылы интимдік қызмет көрсету саласында жұмысын жалғастыра береді", - деді полиция. 

Талқылау