Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жасар баласын суықта далаға тастап кеткен: Павлодарлық келіншекке кешірім берілді

Бір жасар баласын суықта тастап кеткен ана жазадан құтылды. 33 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай шешімді Павлодар қаласының 2-қылмыстық соты қабылдады.

"Сотталушыға қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды", - деп мәлімдеді Павлодар қалалық 2-сотының судьясы Думан Серікбаев.

Баласын далаға тастап кеткен келіншектің үстінен өзінің анасы арыз жазғаны белгілі болды. Ол қызына қатысты істі тоқтатуды сұрады.  Жәбірленушінің өтінішін адвокат пен прокурор қолдады.

"Сотталушы татуласу туралы өтініш берген жәбірленушінің заңды өкілімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Моральдық немесе мүліктік зиян келтірілмеген", - деп түсіндірді Серікбаев.

Баланың анасы өз кінәсін толығымен мойындады, сонымен қатар оған қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұл арада сот әйелдің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

"Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелді ӘҚБтК-нің 127-бабының "Ата-анасының кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі, құқықтары мен мүдделерін өсіру, қорғау, сондай-ақ күтіп-бағу міндеттерін орындамауы" бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты", - дейді Павлодар қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Осыған дейін, әйел бір жасар баласын Павлодардағы вокзал маңындағы трамвай аялдамасына тастап кеткені белгілі болған. Сотта нәресте он минут бойы 11 градус аязда көшеде болғандығы анықталды. Содан кейін оны өтіп бара жатқан адамдар байқап қалып, полицияға тапсырған. Нәресте ауруханаға жеткізілді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Желтоқсан, 2020 14:02
Талқылау