Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жарым сағат тоқтаусыз боқтады": БҚО-да аудан әкімінің жиналыс барысында қол астындағыларды балағаттаған жазбасы тарады

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың қол астындағыларды боқтап, балағаттаған аудиожазбасы желіде тарады. Әкім екі балағат сөзді жиналыс барысында 144 рет қолданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделя басылымына сілтеме жасап. 

Марат Тоқжанов

Жиналыс барысында Тоқжанов аппарат қызметкерлері мен ауыл әкімдерінен су басу жұмыстарына қатысты есеп беруді талап еткен. Сонымен қатар су басу қатері төнгенде жұмыс істемей, арнайы техникаға арналған 10 литр дизель отынын таба алмағаны үшін сынаған. Ал аппарат қызметкерлеріне құжат тапсыруды кейінгі қалдырғаны үшін шүйліккен. 

Жиналыс кезінде тек бір ғана мемлекеттік қызметкер әкімнен өзін балағаттамауын сұраған. Ол – аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин. 

Серік Сафиуллин басылым тілшілеріне бұл жиынның есінде жоқ екенін және шенділердің қол астындағыларды балағаттауы дұрыс емес екенін айтқан. Ал Тоқжановтың өзі жиналыс кезінде басты мақсат тұрғындардың үйін су басудан қорғау болғанын айтып, этиканы сақтауға уақыт болмағанын мәлімеді. 

"Мен сол кезде мәселе туындаған жерлерге барып, қатердің алдын алмағанын көрдім. Сондықтан жиналыс өтті. Иә, қызбалыққа салынғаным рас, балағат сөздерді қолдандым. Заң бойынша бұлай істемеуім керек еді. Бірақ ол уақытта алдымен су басудың алдын алу мәселесін шешу керек болды, сондықтан боқтауға тура келді. Жиналыстан соң бірде-бір үйді су басқан жоқ. Балағат сөздер үшін барлығынан кешірім сұраймын", – деді Марат Тоқжанов. 

Әкімнің сөзінше, жазбаны желіде жариялаған адамдар іс жүзінде ештеңе істемейді. 

"Маған көңілі толмайтын адамдар деп ойлаймын. Сол уақытта олар мәселені емес, тек өздерін ғана ойлады. Егер үйлерді су басса, адамдардың бетіне қалай қарайтын едім? Сондықтан қолда бар механизмдердің барлығын қолдандым. Бастысы – су басу проблемасын шешу", – деді ол.

 

Талқылау
Пікір
568109
27 Қар, 22 жыл - 23:02

Бір жиналыстың үстінде балағат сөзді 144 рет қайталаған әкімге қандай қажеттілік бар елімізде? Осындай жайдың өзін әлеуметтік салада көрсетудің өзі масқара ғой. Қандай кешірім болуы мүмкін? Мұндай жағдайда әкімнің өзі-ақ ешкімнің көмегінсіз, енді қайтіп қалың елдің алдына шықпаудың амалын жасау керек емес пе?

Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр