Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жарым айда үш рет ауруханаға түсті": Тележүргізуші Анна Данченко анасының жағдайы туралы айтып, жан сырымен бөлісті

Отандық тележүргізуші Анна Данченко анасының ауруханаға түскенін айтып, уайымға салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/ann_2905

Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды. 

“Ішімде алай-дүлей боран болып жатыр. Теңіз сияқты тулап жатқан сол баяғы жүрегім болар.... Себебі соққы алған...Көңіл-күйім жоқ. Ой, уайым… Анам 1,5 айда үшінші рет ауруханаға түскені жаныма батады. Қиналғанын көргенде өзіңді қоярға жер таппайсың. Алғашында инфаркт алып, ота жасалған еді. Екінші мәрте өкпесіне су жиналды деп, ауруханаға қайта түсті, ендігі сынақ - инсульт. Мен күнделікті жұмыста, түсірілімде жүрсем де, aнамның жайсыз сезініп, жедел жәрдемнің көмегіне мұқтаж болғанда, жанынан мен табылдым. Алланың қалауымен, сол сәттерде, жұмыстан үйге келіп, aнама қолдан келгенше көмектесе алғаныма қуанамын. Қазір aнам ем қабылдап жатыр. Оған да, маған да оңай емес. Бала күннен мінезім сондай-ау, бәрін жүрегіме жақын қабылдаймын, әсіресе ата-анамның денсаулығы мен үшін қашанда бірінші орында”, – дейді Анна Данченко.

Тележүргізушінің айтуынша, анасының жиі сырқаттанып қалуы жүрегіне қатты батқан.

“Осы жазбаны жазып отырып та, жүрегімнің тым қатты соғып жатқанын сезініп отырғандаймын… Уайым тамағыма тығылып, кермек жас жүзімді тілгілеп жатыр. Мен емес, жүрегім жылап жатқан сияқты. Шыдамдылықты, сабырлы болуды жаныма серік етуге тырысып-ақ жүрмін.... Алайда тынымсыз, шыдамсыз көз жасыма әлсіз жүрегім ерік береді.... Не істерімді білмеймін… Алладан Анамның амандығын тілеуден басқа амалым жоқ. Ішкі тыныштықты сақтау үшін не істеуге болады? Әлсіз болуға менің құқығым жоқ. Анамды емдеп, аяққа тұрғызуым керек”, – деп өз-өзіне уәде берді тележүргізуші.

Талқылау