"Бір үйдің жалғыз ханшайымы болуды жазыпты": Ерке Есмахан көпшілікке алғыс білдірді

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желі қолданушыларына алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі перзентханадан фотоларын көрсетті.
"Бір үйдің жалғыз ханшайымы, ледиі болу маңдайыма жазылыпты. Мені қолдайтын, қорғайтын, еркелететін жанұям аман болсын! Толассыз хаттармен ақ ниетін білдірген қазақ еліне алғысым шексіз! Осындай бақыт сіздерге де жұғысты болсын! Суретте Райымбек Батырым! Аллаға сансыз шүкір", – деді әнші.
Айта кетейік, эстрада жұлдызы үшінші ұлын дүниеге әкелген еді.
“Керемет күн. Бүгін үйге шығып жатырмыз. Жай ғана үшеуміз шықтық. 2 ұлымыз сыртта тұрды. Аллаға сансыз шүкір", – деді өнер иесі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"