"Бір үйден екі адамға берілмейді": Қарақат Әбілдина мемлекеттік марапатқа қатысты пікір білдірді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Қарақат Әбілдина жақында алған “Парасат” орденіне қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі "Сырласу" бағдарламасында қонақ болып, 10 шақты жыл бұрын “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” атағын алған сәтінен сыр шертті. Сөзінше, жолдасы да осы атаққа ұсынылған көрінеді.
"Осыдан 11 жыл бұрын "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағын беретін кезде, "бір отбасынан бір адамға ғана марапат берілу керек" деп, "қайсыңыз аласыздар, өздеріңіз шешіңіздер" деді. Бізде бір отбасынан екі адамға бірдей марапат бермейтін заң бар екен. Ол кезде мен төртінші ұлымды босанып, декрет демалысында үйде отырғанмын. Қыдырәліге "Әрине, сіз алыңыз, бұл талқыланбайды да. Сіздің алдыңызға шығып, марапат алу мен үшін қуанатын жағдай емес, керісінше жөнсіз шаруа" дедім. Содан құжаттарына қол қою үшін Қыдырәлі үйден шығып кетті", – деп бастады әңгімесін Қарақат.
Әншінің сөзінше, жолдасы үйге оралғанда “Марапатты сен алатын болдың” деген.
"Қыдекең үйге келгенде марапатты менің алатынымды айтты. “Біз келістік емес пе!?" дедім. Сонда Қыдырәлі "Ана жерде сонымен, кім алатын болды дегенде мен аламын деп айтуға аузым да, дәтім де бармады, сосын "Қарақатым алады" дедім" дейді. Жалпы отбасы болғаннан бері өз жолын маған ұсынып, ән айтқанда да дауысы көрінетін жерлерін маған беріп, мені танытты. Продюсер ретінде оның үміті ақталды деп ойлаймын", – деді әнші.
Еске салайық, Қарақат Әбілдина тұсау кесу үшін 3 миллион теңге сұрайтынын жазған едік.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде еткен": Қазақстандық азамат ИП-сын жалға беріп, енді түрмеге түсуден қорқып жүр
