Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ қыз-келіншектің ортасында беріле билеген Омар Жәлел өзін сынағандарға жауап берді

Белгілі ғалым, қазақтың "бас биі болып сайланған" Омар Жәлел қыз-келіншектің ортасында билеп, көпшіліктің сынына ұшырады. Ғалымның беріліп билеп жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

“Бас бидің” бұл әрекетін желі қолданушылары ерсі деп санайды. Алайда Омар Жәлелдің өзі болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Кеше менің билегенімді Мансұр деген жігіт бар, сол TikTok желісіне салып қойыпты. Бүкіл желі ”Бас биіміздің түрін қара” деп шулап жатыр. “Мынаны Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Төле би көрсе, жүрегі жарылып өлер еді” деп жазыпты. Сонда адамға билеуге болмай ма? Конституцияда, салт-дәстүрімізде билеуге тыйым салынбаған. Мысалы, атақты Шашубай Қошқарбайұлы 80 жасқа дейін билеген. Қазақта бұрын сал-серілердің бәрі билеген. “Аққу” биі, “Бүркіт” биі деген билер болған. Қытайдың қазақтары әлі күнге дейін басына стақан қойып, су құйып, “Аққу”, “Бүркіт” биін билейді. Біз қазір өзіміздің надандығымызбен биді жоққа шығарып отырмыз. Негізі би деген – сенің Құдаймен байланысқа шығуың”, – дейді Омар Жәлел. 

Алайда ғалымның ел алдында берген түсініктемесі желі қолданушыларын қанағаттандырмады. 

“Ұят-ай, аға”, “Сіздің тұлғалық болмысыңызға бұндай терлеп-тепшіп әйелдермен есіңіз кеткенше далақтау өте ұят”, “Абай мен Шәкәрім көрсе, жүзіңізге түкіріп кетер”, “Қазақтың бас биінің сиқы мынандай болса, жәй халық жайлы сөз айтуғада ұят”, “Алжытамын десе әп- сәтте екен ғой”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 

Талқылау