Бір топ қазақстандық АҚШ-тан депортацияланды
Фото: Ru.freepik.com
АҚШ Өзбекстанға 131 заңсыз мигрантты қайтарды. Оның ішінде Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, депортацияланған адамдар мінген ұшақ Өзбекстанға бағыт алды. Рейсте өзбекстандықтардан бөлек, Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары да болған.
Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің дерегінше, депортация АҚШ-пен жасалған екіжақты келісім аясында жүзеге асқан. Азаматтар визалық талаптарды бұзғандықтан және олардың елде заңды тұру мерзімі өтіп кеткендіктен олар АҚШ-тан шығарылды.
"Вашингтон мен Ташкент арасындағы Өзбекстан есебінен депортациялау туралы келісім Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі қабылдаған осындай мазмұндағы алғашқы құжат болды", — деп жазды Fox News.
Телеарна депортацияланғандардың арасындағы қазақстандықтармен, қырғызстандықтар ары қарай өз еліне өтетінін мәлім етті.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
