Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда қалай реформа жасау керектігін айтқан": Бір топ қазақ пен Саакашвили Киевтегі кездесуде не талқылады?

Қазақстанға танымал бір топ азамат Киевте, Михаил Саакашвилимен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп хабарлайды.

aaka

Түрлі-түсті революциядан соң 36 жасында Грузияның президенті болып, Грузияның әбден іріп-шіріген саяси жүйесін жемқорлықтан арылтқан реформатордың бұл жиында айтқан сөзін әр азамат өзінше талқыға салып жатты. Саакашвили бұндай кездесуді ұйымдастырғаны үшін Марғұлан Сейсенбайға алғыс та білдіріпті.

Арман Шораев, Қуаныш Шоңбай, Олжас Құдайбергенов, Тоғжан Қожағалиева сияқты қоғамдық істерге араласып жүрген түрлі саладағы қызмет атқаратын бір топ азаматты Михаил Саакашвили тура үйіне шақырыпты. Саясаткердің он жүздік аумақты ғана алып жатқан және 75 шаршыметрден аспайтын үйінің алдында барлығы 20 шақты қазақ азаматы жиналған.

Қазіргі таңда Украинаның ұлттық реформа кеңесінің төрағасы болып істейтін Михил Саакашвили Facebook парақшасында өзінің Грузия мен Украинадағы жүргізген реформалары төңірегінде тәжірибесімен бөліскенін жазады. Ал Тоғжан Қожағалиеваның сөзінше бейресми өткен 4 сағатқа созылған кездесуде Саакашвили Қазақстанда қалай реформа жасау керектігі туралы ойларын айтып кеңес берген. Кездесу соңында Алматыдағы университеттердің бірінде Саакашвили орталығын ашу туралы келісім жасасқан. Осы үшін Саакашвили Қазақстанға келу мүмкін. 

"Ең бірінші шарасы - мемлекеттің әр түрлі салаларда регуляциядан кетуі. Егер одан кетсе жемқорлық азаяды. Қандайда бір құжаттарға қол қою азайса, онда жемқорлық та азаяды деген тұжырымды айтты", - дейді Тоғжан Қожағалиева.

STAN.KZ
Жексенбі, 30 Тамыз, 2020 18:28
Талқылау