Бір тәулікке 34 мың теңге: Серік Сәпиев Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынға алды
Парламент мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының автотұрақ бағасын сынға алды.
“Астанадағы әуежайдың бағасы мені қынжылтты. Тұрақ бағасы қымбат. Көлікті жабық тұраққа қалдырсақ тәулігіне 2000 теңге. Бұл қалыпты. Сыртқы тұраққа қою үшін алғашқы екі сағаты 400 теңге, үшінші сағаттан бастап 1500 теңге төлеу керек болады. Осылайша бір тәулікке 33400 теңге төлеу керек”, – деп жазады Сәпиев желідегі парақшасында.
Депутаттың айтуынша, бұл бағдарлама халықтың жағдайына ыңғайланып жасалмаған.
Бұл заңсыз табыс табатын таксистерге арналған бағдарлама шығар. Бірақ ол таксистер көліктерін мұнда бірнеше күнге қоймайды. Олар әуежай мен қала аралығына бірнеше рет барып-келіпқша табады. Сонымен қатар, заңсыз жұмыс істеп жүрген такси жүргізушілерінің саны азайған емес. Әсет Өрентайұлы, бұл жайттан хабарыңыз бар ма?», – дейді Сәпиев.
Тағы да оқыңыз:
Қазақ азаматы ауылдастарының шайтанды қалай ұстап алғанын айтып берді (видео)
Жетісайдан Астанаға жеткізілген 35 мың тонна қарбыз ішінен улы құрт шықты (видео)
Өзін өзі атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы прокурордың ішінен тепкен