Бір таксиге отырдық: Актер Олжас Әлжанов өзінің жарымен қалай танысқаны жайлы айтты

Актер, тележүргізуші Олжас Әлжанов жуырда үйленіп, бал айын ойдағыдай өткізу үшін қалыңдығымен Дубайға аттанды. Stan.kz тілшісі бойдақтықпен қоштасқан жігітке хабарласып, сұхбат алып, Дубайдағы мән-жайды анықтауға тырысты.

Олжас

Олжас, көтерген шаңырағыңыз құтты болсын. Жарыңызбен қалай таныстыңыз?

Таксиде таныстық. Үйге қарап бәріміз бір таксиге мініп қалдық. Қасымда мамам да болды. Бір көргеннен ұнатып, атын, нөмірін сұрап таныстық. Кейін әңгімеміз жарасып, міне бүгінде бір отбасына айналдық.

Қай өңірдің қызы? Қай салада қызмет жасайды?

Алматының қызы. Өнерден алыс емес.Өзінің шоу-балет тобы бар.Бимен айналысады.Кәсіби дизайнер.

Үлкен той қашан болады?

Сәуірде болу керек еді. Алайда, соңғы жаңалықтарға байланысты той күнін басқа айға ауыстырамыз.

Қоғамды шулатқан вирусқа еш мән берместен Дубайда демалыста жүрсіз. Ол жақта жағдай қалай?

Жағдай бірқалыпты. Ешкім шулап, қорқып жүрген жоқ. Ешқандай "паника" байқалмайды. Тіпті, маска киген адамды көрмедім. Бәрі рахаттанып демалып жүр. Әрине, соңғы күндері мешіттерді, қоғамдық жерлерді жауып жатыр. Біз өзімізге суға шомылып, жағажайда қызықты уақыт өткізудеміз.

Барлық әлем "коронавирус" деп шулаған кезде шетелге баруға қорқыныш болмады ма?

Билетті ата-аналарымыз тосын сый ретінде алып қойыпты. Біз шетелге ұшатын кезде мұндай у-шу болмады. Біздің турагент орталығы да ешқандай қауіп жоқ деген еді. Кейін осыьай жағдай ушығып кетті.

Қазір бас қалалардың шекараларын жауып, карантин жариялауда. Сіздерде қандай жоспарларыңыз бар?

Иә, бізге бұл жағдайды,  өзгерістерді турагенттіктер күнде хабарлап отыр. Біздің кері қайтатын билетіміз 21-наурыз күні. Алла қаласа, сол күні елімізге қайтамыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 450-ге жақындады

Инфекцияның тағы төрт жағдайы Қазақстанның үш аймағында тіркелді

Мұнай бағасының қайтадан төмендеуі тіркелді

Мұнай төрт-алты пайызға арзандады

Әскери міндеттілерге жиын кезінде қанша теңге төлейді?

Жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асты

Қытайда коронавирустық инфекцияның басталуынан бірнеше ай ішінде әлем бойынша 53 000 200 адам қайтыс болды

Коронавирус ешқайда кетпейді және жоғалмайды– Денсаулық сақтау министрі

Сонымен қатар, ол ғалымдардың жағдайдың одан әрі қалай дамитыны туралы болжамдарын айтты.

42500 жәрдемақысын ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

SMS авторизациясының көмегімен "Төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге төлемі" қызметін ала аласыз

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төтенше жағдай кезінде қашықтан жұмыс істейтін каналдар жұмысын күшейтті

Әскери жиын үш айға созылады - Қорғаныс министрі

Елдегі шағын және орта бизнес иелері салықтан босатылды

Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі айтты

СҚО-да бес жасар бала коронавирус жұқтырып алды

2015 жылы туған бала Петропавл қаласында тұрады
Çàãðóçêà...