Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір сөзіне дәлел келтіре алмады": Асхат Садырбай экс-әйелін сотта жеңіп шықты

Коллаж: Stan.kz

Танымал журналист Асхат Садырбай бұрынғы әйелі Айғаным Қорабаеваға қатысты сот отырысы аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдегенін және өзіне қарсы адамдардың туы жығылғанын жазды. 

"Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан ролін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес іс жүзінде!  Иә, құрметті оқырман, бүгін менің жеке басыма айтылған жалған ақпараттар, ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіру бойынша бірнеше айға созылған сот аяқталды. Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан ақпараттардың біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына “өзім ойдан айта салдым” деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл – адамның өмірі мен тағдыры", – деп жазды журналист.


  • "35 мың теңге алимент": Ерке Есмахан бірінші некесіне қатысты сұраққа жауап берді

  • "Сотқа қайырылмауыма болмады": Асхат Садырбай жеке өміріндегі даулы оқиғаға пікір білдірді


Журналистің сөзінше, әйелімен келісімге келмекші болған, алайда жауапкер тарап көнбеген.

"Ақпараттық шабуыл маған және менің отбасыма ауыр тиді. Бұл сот болмас та еді. Алайда өтіріктің үстіне өтірік қосылып үдей берді. Ал, менің мақсатым біреуді соттау емес, өзімнің кінәсіз екенімді амалсыздан заң жүзінде дәлелдеу еді. Тіпті моральдық шығын да қажет емес, медиациямен шешейік дегенде де жауапкер тарап басында басқа сөйлеп, кейін қайтадан өз әдеттеріне салып кері кетті. Тіпті сот отырысына камера алып келіп шоу жасағысы келді.  Қысқасы осымен тамам! Алдағы уақытта соттың ресми шешімін және қосымша ақпараттарды толық жариялаймын! Қолдаған жандарға мың алғыс. Аман болыңыздар!" – деп жазды журналист.

Еске салайық, Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа беріп, 1 миллион 500 мың теңге талап етіп отырғанын жазған едік. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 09:49
Талқылау