Бір реттік маскалар гигиенаға сай: Бекшин қандай масканы қолдануға болатынын айтты

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин маска режимі туралы айтып берді. Ол әлі біраз жыл маска режимі сақталуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әлі коронавируспен бірге өмір сүретін боламыз. Сол себепті барлық сақтық шараларына сақтап, жаппай жұқтыруды болдырмауға тырысуымыз керек. Әр азамат масканы өзінің жағдайына және жұмысына байланысты таңдайтын болады. Бір реттік те бірнеше рет қолданылатын көпреттік масканы да тағуға болады", - дейді Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер масканың қай түрін тақса да адамдардың өз еркі екенін айтты. Алайда Бекшин бір реттік маскаларды үнемі ауыстырып тұратын болса, гигиенелық талаптарға сай әрі қауіпсіз болатынын жеткізді. 

"Медициналық құралдарға қазіргі таңда тексеріс жүргізу өті маңызды. Қиын шақтарда адамдар өздері маска тағып та киді. Бір реттік масканың жақсы жері оларды үнемі ауыстырып отыруға болады және ол гигиеналық тұрғыдан әлдеқайда дұрыс", - дейді Жандарбек Бекшин.

 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр