Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір орындаушыға төрт басшы": Мүксімов мемлекеттік қызмет саласындағы олқылықтардың бетін ашты

Қазақстанның кейбір министрліктерінде бір маманға төрт басшыдан келеді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Фото: ОКҚ

Мүксімовтің айтуынша, өткен жылы ауда және интеграция, қаржы, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар салаларында ауқымды талдау жүргізілген. 

"Біз көрген бюрократия белгілерінің біріншісі – басқару құрылымы мен штат санының жеткіліксіздігі және артық болуы. Көбінесе мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдардың артық саны туралы фактілер бар. Мысалы, экология және табиғи ресурстар министрлігі орталық аппаратының штат саны 122 бірлік, оның 61-і басшылық лауазым. 1 басшыға 1 орындаушы. Сондай-ақ осы министрліктің құрылымында жеке департамент бар, онда 4-тен 1-ге дейінгі арақатынас, яғни бір орындаушыға төрт басшы. Атап айтқанда, біз директор, директордың орынбасары, басқарманың екі басшысы туралы айтып отырмыз, осының бәріне  бір бас сарапшы", – деп мысалдар келтірді Салауат Мүксімов.

Агенттік төрағасының орынбасарының айтуынша, бастықтардың мұндай көп болуы басшы құрамға жүктемені азайтуға ықпал етеді, басқарудың тиімділігі мен жеделдігін төмендетеді, жауапкершілікті бұлыңғыр етеді, қызметкерлерді ынталандыру үшін қаржылық мүмкіндіктерді азайтады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтің министрлер қазақ тілін білу деңгейі сынды талаптар арқылы іріктелмейтінін айтқанын жазған болатынбыз.

Талқылау