Бір мезетте аспаннан өлген құстар құлай бастаған: Тұрғындар қорқынышты жайттың куәсі болды
Мексиканың Чиуауа штатындағы Сьюдад-Куаутемок қаласында аспаннан жүздеген құс құлаған. Жергілікті тұрғындардың сөздерінше, құстар жерге құлаған сәтте өлі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары қыс мезгілінде Канададан Мексикаға қоныс аударатын сарыбас трупиалдар тобын көрген. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда олардың ұшып бара жатып, кенет топ болып жерге құлағанын байқауға болады. Кейбір шамалары жеткендері қайта ұшып кетіп жатса, қалғандарының жаяу жүргіншілер жолағында мерт болығаны анық көрінген. Және адамдардың өлген құстардың жансыз денелерін жолдан сыпырып жатқаны түсірілген.
“Өте қорқынышты. Әлемде болған осыған ұқсас жағдайлар туралы оқып едім”, – деп желі қолданушылары бұл видеоларға түрлі пікірлер айтты.
Апатқа ұшыраған құстарды тексерістен өткізген ветеринардың айтуынша олар улы түтін жұтқан болуы мүмкін немесе электр сымына қонған кезде ток соғып кеткен.
Ал желі қолданушылары олардың мурмурация, құстардың үлкен топпен түрлі пішіндер түзіп динамикалық қозғалуы кезінде отарды бастаған құстардың адасуынан жерге құлағанын айтады.
Бұл пікірді британдық экология және гидрология орталығының экологы Ричард Брафтон жоққа шығарды. Алайда видеоға ешқандай жыртқыш пен оқыс әрекеттер түспегендіктен, көпшілік олардың топпен ұшу кезінде адасу салдарынан жерге құлағанына сенімді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
