Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады

Бір мандатты округтер бойынша саяси додаға түскен 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады”, - деді Сәбила Мұстафина.  

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылатынын айтты.

“Олар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал "Байтақ" жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені, олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді", – деді Сәбила Мұстафина. 

Айта кетейік, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мандатына үміткерлер 1 млн 50 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.

Талқылау