Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір күні сатуға шығарамын": Қайрат Нұртас продюсер Баян Мақсатқызының туған күніне ерекше сыйлық тарту етті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызының туған күніне орай оған ерекше сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Өнер иесі сахнаға киетін костюмін продюсердің иығына жапты. 

“Бір күні Қайрат Нұртастың пиджагын өте қымбатқа сатамын. Ал әзірге бұл – гардеробымдағы ең жарқыраған киім болмақ. Рақмет, Қайрош!”, – деп жазды туған күн иесі. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып жатыр. Бірі ерекше сыйлық деп бағаласа, енді бірі әйел затына керек дүние сыйлағанды құп көрген. “Аңыз адамның киімі миллионнан асатын шығар”, “Сатамын деп айтқаныңыз біртүрлі екен”, “50жастан естелік болып қалады, өзіңізде тұра берсін”, “Тегін берсе де алмаймын” деп пікір жазып жатқандардың қарасы көп. 

 

Талқылау