"Бір күндік": Белгілі ақын Жігер Ауыпбаевты сынның астына алды
Белгілі ақын Жігер Ауыпбаевты сынның астына алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BEY бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі ақын Сағыныш Намазшамова өнер иесінің "Кінә, кінә" әнінің сөзін сынап тастады. Өлеңнің мәтінінде мағына да, сурет те жоқ. Махаббат тақырыбы болса да бір арнаға тоғыспаған дейді ақын.
"Меніңше өлең деген көзіңнің алдына келетін сурет. Мен бұл жерден тұтас бір сурет көріп тұрған жоқпын. Әр нәрсеге бір барады. Нақты не айтқысы келетінін ұғынбадым. Әйтеуір махаббат екенін түсініп тұрмын. Ойды толық жеткізе алмады", - дейді Сағыныш Намазшамова.
Әннің сөзіне ғана емес, әуеніне де мән берген жөн дейді ақын. Маған бұл әнді берсе сөз жазбас едім дейді Сағыныш Намазшамова. "Кінә, кінә" туындысы уақытша ғана айтылып, кейін ұмыт болатын әндердің қатарына жатқызатынын айтты.
"Қарадүрсін, құрғақ баяндау. Қарабайыр сөздерді буынға, жолға бөліп қойса, өлең қылуға болады екен. Менің түсінігімше бұл бір күндік ән. Мұны алты ай айтуы мүмкін одан кейін әнін де, сөзін де, орындаушысын да ұмытады. Бұл құлақтың әні, жүректің әні емес", - дейді Сағыныш Намазшамова.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
