"Бір күнде 20 түрлі адамның өмірін сүретінбіз": Боттар фабрикасында жұмыс істеген қазақстандық бойжеткен өз тәжірибесі туралы айтып берді
Қазақстандағы боттар фабрикасында жұмыс істеген қыз ұйымның қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Сөзінше, олар әлеуметтік желіні бақылап, жазба астында түрлі пікір қалдырып отырған. Бастапқыда қызық болды, алайда кейін ақылға сыймайтын пікір жазу талап етіле бастады дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Elitar.kz басылымына сілтеме жасап.
Боттар фабрикасы туралы қыз университет қабырғасында оқып жүргенде білген. Ал сұхбаттасу кезінде бес күндік жұмыс екенін, жалақының 120 мың теңге болатынын әрі демалысқа шығу, әлеуметтік пакет сынды артықшылықтардың болатынын білген.
"Бөлімде 10 адам болдық. Бізге SIM-карталар беріліп, кем дегенде түрлі адамның атымен 20 аккаунт ашыңдар деді. Үй шаруасындағы әйелдер, дәрігерлер, адвокаттар, жалғыз басты аналар, құрылысшылар, мұғалімдер және т.б. Аккаунтқа суреттерді шетелге кетіп қалған немесе аккаунтын жүргізбегеніне 1 жыл болған адамдардан алдық. Жас ерекшеліктеріне қарай контент жасайтынбыз. Суреттер дайындадық. Кейде қалаға шығып, желіге жүктеу үшін суреттер түсіретінбіз. Күніне 20 түрлі адамның өмірін сүретінбіз", – дейді ол.
Айтуынша, таңертең жұмыс әлеуметтік желіні бақылаудан басталған.
"Басшымыз ақпараттық парақшалардан іздеу керек бірнеше тақырыпты белгілейтін. Біз пікір басқа арнаға бұрылып кетпеуін бақыладық. Бастапқыда қызық болды. Адамдарды мәселені алшақтатуға тырысатынбыз. Мүмкін болмаған жағдайда екінші бөлім көмектесетін. Егер тақырып ауқымды болса, басқа тақырыппен көңілін бөлетін", – дейді қыз.
Алайда кейін жұмыс орнында қысым жасала бастағанын айтады. Адамдар әлеуметтік желіде белсенді болғандықтан, демалыс және мейрам күндері де жұмыс істеуге тура келген.
"Тақырып ауқымды болған сайын, көп нәрсені талап ететін. Ақылға сыймайтын нәрсеге де жететін. Басшылық есі дұрыс адам жазбайтын дүниені жазуға тапсырма бере бастады. Әлбетте, бізді бұғаттап тастайды. Біз жаңа парақша ашамыз, қайта бұғаттайды", – деп қосты қыз.
Қыздың жұмыстан шығуына жағымсыз оқиға себеп болған.
"Әлеуметтік желідегі аккаунтын бір жылдан астам уақыт жүргізбеген адамның суретін алдым. Парақшаны дамытып жатқанда барлығы жақсы болды. Алайда бірінші "жекпе-жектен" кейін ол адамның дүниеден өтіп кеткенін білдім. Алдымен сол адамның таныстары пікір жаза бастады. Кейін жекеме де жазды. Өзімді өте жаман сезіндім. Айтуға сөз жоқ. Осы оқиғадан кейін бұл фирмада жұмыс істегім келмеді. Кетуге бел байладым", – деді қыз.
Сұхбат соңында бұл жұмыстың да өз пайдасы тигенін және тәжірибе жинағанын айтады.
"Енді тіс дәрігеріне барсам да, пікір қалдырған адамдарды зерттеймін. Себебі бұрынғы жұмысымда жеке кәсіпкерлерге көмектесетінбіз, қазір олармен қарым-қатынасым жақсы", – деп аяқтады ол.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
