"Бір қолмен жұлып алуға болады". Алматы облысында тұрғындар жаңа төселген асфальт сапасына наразы
Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары жаңа асфальттың сапасын айтып, шағымданды. Желіде жарияланған видеода ауыл тұрғындары жаңа төселген асфальтты бір қолмен жұлынып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындар кінәлілерге қатаң шара қолдануды талап етуде.
Шенеуніктер жағдайға қатысты пікір білдірді.
Видео Панфилов ауылдық округінің Қарабұлақ ауылының 8 Март көшесінде түсірілді. Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер тарап - ВЅ Group ЖШС. Келісімшарт биыл қыркүйекте жасалды. Жұмысты аяқтау 30 қарашаға жоспарланған. Бүгін аудандық автожолдар және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Асхат Досжанов оқиға орнына шығып, мердігермен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Мердігерге барлық анықталған олқылықтарды жоюға тапсырма берілді. Мәселе бақылауға алынды", - деп атап өтті Талғар ауданы әкімдігінде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”