Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір адам жансақтау бөлімінде: Дәрігерлер шахтадағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Костенко шахтасындағы апаттан кейін профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаларға 18 адам жеткізілген. Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

дәрігер

Дәрігерлердің сөзінше, барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

“15 адам Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Х.Ж.Мақажанов клиникасына көміртегі тотығымен улану белгісімен түсті. Біреуі ауыр дәрежеде көміртегі тотығымен улану, қалғандары жеңіл және орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екеуі Михайловкадағы Х.Ж. Мақажанов клиникасына түсті: біреуі реанимацияда ауыр жағдайда, екіншісі операциядан кейін травматология бөлімінде жатыр”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 


Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы алдын ала келісім жасады


Стационарға барлығы 17 адам жатқызылып, 1 адам амбулаториялық емделуге жіберілді. 

Еске салайық, бұған дейін Костенко атындағы шахтада көз жұмғандар саны 20 адамға жеткені туралы хабарлаған едік. Әлі 23 кеншіні іздестіріліп жатыр. 

Талқылау