Бір келі жақсылық: Ақтөбедегі оқу орны мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаудың ерекше түрін ойлап тапқан
Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледж ұжымы қайырымдылық шараларын жиі өткізеді.
Оқу орны мүгедек балалармен қатар, колледжде оқитын аз қамтылған отбасы балаларын да қамқорлыққа алып отыр, деп жазады aktobenews.kz.
«Біздің колледжде 1500 студент болса, олардың 13-і ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар және 56-сы аз қамтылған отбасылардан шыққан студентер. Балалар үйінен келіп оқып жатқан студенттер де бар. Сондықтан, көмекке мұқтаж балаларымызды қамқорлықсыз қалдырмау керек деп ойлаймыз. Колледжіміз биыл Мәметова атағын алды. Осыған орай студенттерге атаулы стипендия тағайындадық», — дейді Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі директорының орынбасары Самал Тәжібаева.
«Біздің колледж ұжымы тұрақты көмектесетін сал ауруына шалдыққан 7 жастағы бала бар. Баланың еміне қаржы жинап беріп тұрамыз. Мұндай шаралар студенттер үшін де пайдалы, тәрбиелік маңызы зор. Колледж атынан жылда үлкен айырымдылық шараларын ұйымдастырамыз. Тұрақты демеушілеріміз бар. Колледжімізде «1 кг жақсылық» деген шара бар. Бір келі көлемінде күріш, шекер не басқа тамақ алуына мүмкіндігі бар адамдар аз емес. Есесіне, сол азық-түлікке зар болып отырған қаншама отбасы бар. Арнайы комиссиямен көмек қажет ететін балалар анықталып, азық-түлік жасырын таратылады», — дейді Самал Тәжібаева.
Тағы да оқыңыз:
Бостандықта нәпақа таба алмаған ақтөбелік әйел түрмеге қайта отыру үшін бомба туралы жалған айтқан
Алматыда көз жұмған егіздердің анасы: Мен балларымды жақсы көрдім