Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір қадам алда: Операторлар интернет трафиктің өсуіне сай жұмысты үдетуде

Көрінбейтін төңкеріс: жылдамдық қалай өмір салтын өзгертуде

Қазақстанда интернет трафигі бұрын-соңды болмаған қарқында өсіп келеді. Тек осы жылдың сәуір айында ғана қазақстандықтар өткен жылдың сәуіріне қарағанда интернетте 85% көп гигабайт жұмсаған және жүктеген. Бұл тек Kcell және Аctiv абоненттері ғана. Ең көп трафик тұтынғандар – елдің үшінші мегаполисі Шымкент тұрғындары, олардың тұтынуы 93% өскен. Одан кейін Актөбе тұрғындары 85% өсіммен, ал үштікті Алматы 45% көрсеткішімен қорытындылайды. Пайдаланушылардың әдеттері түбегейлі өзгеруде: видео, стрим, әлеуметтік желілерге сұраныс артып келеді. Қазақстандықтар цифрлық өмірге жедел қарқынмен көшті деуге болады. Мұның бәрі тұрақты жылдамдықты талап етеді, ал операторлар оны тек қазіргі уақыт үшін ғана емес, болашаққа да жеткілікті түрде қамтамасыз етуге тырысуда. Бүгінде жылдамдық – жаңа қалыпты нормаға айналуда.

Жоспардан да жылдам: Желілердің құрылысы

2025 жылдың басынан бері компания 860-тан астам базалық станция салып, жаңғыртудан өткізді, олардың 330-ы – 5G қолдауы бар станциялар. Бесінші буын технологиясын енгізу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 55% артты. Бұл – компания үшін өзіндік рекорд. Жаңа станцияларды орнату және оларды жаңарту көлемі де көз қуантады: соңғы екі жылдың ішінде еліміз бойынша 3000-нан астам базалық станция іске қосылған.

"Біз телеком-инфрақұрылымға инвестиция көлемі бойынша салада көш бастап тұрмыз: 2 жылда 255 миллиард теңге ал былтыр 80 миллиард теңге жұмсадық және бұл жұмыстың нәтижесін қазірдің өзінде көріп отырмыз: жылдамдық көрсеткіштері де, байланыс тұрақтылығы да айтарлықтай жақсарды. Біз желі құрылысын тек кесте бойынша ғана емес, одан оза отырып жүргізіп келеміз. Бірқатар қалаларда 2025 жылға арналған 5G желісі бойынша лицензиялық міндеттемелер ғана емес, 2026 жылға жоспарланған жұмыстар да орындалды", – деді "Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбақин.

Көзге көрінетін және сезілетін жылдамдық

Ауқымды инвестициялардың нәтижесі нақты көрсеткіштермен дәлелденуде. Ақтөбедегі орташа интернет жылдамдығы 3,2 есеге артып, 217%-ға жетті. Шымкент пен Алматыда бұл көрсеткіш шамамен 50%-ға өсті. Пайдаланушылар бұл айырмашылықты бірден сезінеді: лезде жауап беру, контенттің жылдам жүктелуі, "қатып қалу" мен күту деген атымен жоқ. Kcell интернеті шынайы өмірге ғана емес, тіпті жаңа – гиперцифрлық болмысқа бейімделуде.

"Бұл әсіресе 5G желілерінде айқын байқалады. Мысалы, Алматыда жалпы трафик көлемінде 5G үлесі 19%-дан 38%-ға дейін өсті, Шымкентте – 13%-дан 31%-ға, Ақтөбеде – 5%-дан 29%-ға дейін артты. Бұл тек технологияның қолжетімді екенін емес, оның күнделікті белсенді қолданылып жатқанын көрсетеді. Бүгін біз 5G желілерінде 1500 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықты тіркеп отырмыз, бұл көптеген үйдегі сымды интернеттен де жоғары. Бұл — мобильді интернеттің сымды байланысқа толыққанды баламаға айналғанын көрсетеді. Мен абоненттерімізге: "5G желісіне өтіңіздер, осы технологияның толық қуатын сезініңіздер" деп үнемі айтып келемін", – деді "Кселл" компаниясының басшысы Асқар Жамбақин.

Айта кетейік, Kcell компаниясы 2025 жылға арналған 5G бойынша барлық міндеттемелерін еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде толық орындады. Ал Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында тіпті 2026 жылға жоспарланған жұмыстар да атқарылған. Құрылыс кестесі 207 базалық станцияға артық орындалды.

Инфрақұрылым – бұл стратегия

Бүгінде Kcell желісі – жай ғана қамту аймағы емес. Бұл – толыққанды цифрлық өмір салтына негізделген технологиялық инфрақұрылым. Компания мыңдаған жаңа базалық станцияларға, соның ішінде шалғай өңірлерге де инвестиция сала отырып, тек сұранысқа жауап беріп қана қоймай, елдегі байланыс сапасына жаңа стандарт қалыптастырып отыр. Қазіргі таңда қоңырау шалу, бейнеқоңырау, қашықтан жұмыс істеу, оқу және ойын-сауық қызметтері күн санап артып келе жатқан трафик көлемі мен тұрақты жылдамдықты талап етеді. 5G технологиясы цифрлық инфрақұрылымның ажырамас бөлігіне айналып, маңызын арттырып жатыр. Егер смартфоныңыз бесінші буындағы желіні қолдайтын болса, оның мүмкіндігін толық пайдаланған жөн. 5G желісінде болу – бұл жай ғана технологиялық артықшылық емес, бұл жылдамдық жаңа қалыпқа айналған бүгінгі күннің талабына сай өмір сүру.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 12:40
Талқылау