Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір күнде үш концерт берген Сәкен Майғазиев ауруханаға түсіп қалды

Бір күнде жанды дауыста үш концерт беріп, алматылық тыңдармандарын қуантқан Сәкен Майғазиев ауруханаға түсіп қалды. Әнші дәл осы себепті Америкада жоспарлаған концертін кейінге қалдырған. Бұл туралы Майғазиевтің концертін ұйымдастырған продюсер, шоумен Руслан Ысқақов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қымбатты достар! Өздеріңіз білетіндей, 7 наурыз күні Сәкен Майғазиев ағамыздың алғашқы концерті жоғарғы деңгейде өтті. Бір күнде қатарынан 3 концерт беру қазақ саxнасында алғаш рет! Көп адамдар бұл жобамызды тың бастама деп таңқалып айтып жатты. Өйткені шынымен де бұл тариxта болмаған оқиға”, – деген Ысқақов аталған концертті ұйымдастыруға 200-ге жуық адамның қатысқанын айтты.

“Әрине мұндай үлкен шоу концерт жасау оңай емес. Саxна сыртында қызықтар да шыжықтар да көп болды. Сәкен ағамыз ауырып жүргеніне қарамастан, тікесінен тік тұрып ән салды. Сол кезде ем-домын аямаған дәрігерлерге көп раxмет айтамыз! Бәрі бір Алланың қалауымен сәтті өтті! Шүкір!” – деген Руслан концертке уақыт бөліп келген тыңдармандарға алғысын жаудырды.

Ол Майғазиевтің науқастанып қалғанын хабарлады.

“Сәкен ағамыз қазір ауруxанада емделіп жатыр. Не дегенмен ауырып тұрған тамақпен ән салған соң, зақым келген сияқты. Алматыдағы концерттен кейін Америкада концерт беру жоспарда болған. Сол жақтағы қандастарымыздың шақыртуымен баруымыз керек еді. Денсаулық жағдайына байланысты бұл жоспар кейінге қалып отыр. Халықтан кешірім сұраймыз.  Ел баласына Алла шипасын берсін! Бұл бастамасы ғана. Алда шоколад концерттер жалғасын табады!” – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз: 

Мәдина Сәдуақасова: Күйеуімнің талабы бойынша қонаққа бармаймын, қонақ шақырмаймын

Азамат Сатыбалды: Жалғыз балам менен талай мәрте шапалақ жеген

Бақытбек Есентаевтың қарындасы “Баян Сұлу” байқауына қатысып жатыр (фото)

Рахман Омар: МС Сайлаубекте табиғи тазалық бар

Талқылау