Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір бөлме аяқкиімі бар": Алтынай Жорабаеваның күйеуі сыйлаған пәтер қызу талқыға түсті

Әнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі сыйлаған үйді көпшілік қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесінің келіні су жаңа пәтерге рум-тур жасады. 

“Қайын әпкеме ағамның арнайы алып берген пәтері. Әпкем әрең рұқсат етті. Блогер болғасын оқырмандарыма көрсетуім керек деп айттым. Асүй бөлмесі жоқ пәтер. Тек әпкемнің киімдері мен сахналық образдары ғана тұрады. Бір бөлмесі екінші бөлмесіне ұқсамайды. Бір бөлме аяқкиімі бар. Екі бөлме киімге толып тұр. Ортадағы үлкен шкафқа тек алтындары салынғата тек алтындары тұрады. Жатын бөлме ғана бар. Бәрімізге осындай пәтер жұғысты болсын!”, – деп жазды блогер Аяулым Жорабаева. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің пәтерін қызу талқылап жатыр. 

“Пәтер емес киім дүкені сияқты”, “Бәрімізге осындай үй жұғысты болсын”, “Алтынайдың өзі 180 шаршы метр деп айтқан жоқ па?!”, “Асүй болмаған біртүрлі екен”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, "Менің ғана заттарым тұрады" деген Алтынай Жорабаеваға жолдасы жаңа пәтер сыйлағанын жазған едік. 

 

Талқылау