Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-бірін жақтырмаған: Теміртауда фельдшер қызды жұмыс орнында әріптесі ұрып тастады

Теміртауда фельдшер қызды жұмыс орнында әріптесі мас күйінде келіп ұрып тастаған. Бойжеткен ми жарақаты, саусақтың сынуы мен түрлі көгеру жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Желі кадрларынан 

Оқиға 13 сәуір күні кешке болған. Жергілікті жұрт жазғандай, ер адам мас күйінде қызбен "сөйлесуге" барған. Ол 30 жастағы фельдшерге жедел жәрдем станциясының аумағында кезекшілік кезінде шабуыл жасаған. 29 жастағы ер адам сол кезде еңбек демалысында болса, жұмыс орнына келіп қызды тұншықтырып құлатқан, ұрып-соғып, шашынан сүйреген. Әріптестері оны әрең сүйреп араша түскен.

Дерекетерге сүйенсек, фелдьшер қыз ер адамның сүйіктісінің құрбысы болған. Ол фельдшерге “құрбысына өзімен айырылысуға кеңес беріп жүр” деп шабуылдаған.

Жәбірленуші ми жарақаты мен шайқалуы, саусақтың сынуы және көптеген көгеру жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Келесі күні шабуылдаушы да сол ауруханаға үш белгісіз адамның осы жағдайдан кейін өзін ұрғанын айтып түскен. Кейінірек ер адам ауруханадан өз еркімен кетіп қалған.



Полиция 29 жастағы күдіктінің ұсталғанын және бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады. Олардың айтуынша, жанжал қызметкерлердің бір-бірін жақтырмауынан басталған. Мұның жұмысқа қатысы жоқ екені айтылды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Екеуі емделген соң сараптама тағайындалады.

Талқылау