Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бангладеште қазақстандық азаматты өлтіріп кетті

Бангладеште тұрмыстық төбелес салдарынан қазақстандық азамат қаза болды. Тағы бір Қазақстан азаматы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пышақ

26 наурызда Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің консулдық бөліміне Бангладеште компания қызметкерлері арасындағы тұрмыстық төбелестің салдарынан Қазақстан азаматының қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Адам өлімі пышақ жарақатының салдарынан болды.

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімітенші, елшіліктің консулдық бөлімі мәйітті Қазақстанға жіберуге көмектесу үшін компания өкілдерімен және марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста.

Оқиға салдарынан тағы бір қазақстандық пышақ жарақатынан зардап шекті. Қазір ол Даккадағы ауруханада емделіп жатыр. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандықтар Бангладешке Руппур қаласында атом электр станциясын салып жатқан ресейлік компанияда жұмыс істеу үшін келген.

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 30 Наурыз, 2022 17:18
Талқылау