Бір ай өмірі қалғанын естіген науқас жігіт кіші қажылыққа аттанды
Мухаммад Рамадан Алиас Малайзия мемлекетінің тұрғыны. Ол өзінің бір айдай ғана уақыты қалғанын естіген соң бірден кіші қажылыққа аттанған.
20 жастағы Мухаммад Рамадан Алиасқа дәрігерлер бар-жоғы бір айға жуық өмірі қалғанын ескерткен.
Осыдан соң көп уақыт жоғалтпастан науқас жігіт өзінің аяулы арманы Мекке қаласын зиярат етуге бел байлайды. Бірақ кіші қажылық барысында ол Медина қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылып, сол жерде көз жұмады. Марқұмның денесі Бақи зиратына қойылды.
Талқылау