"Бір арманымды орындады": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа алғыс айтты
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас бір арманын орындағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/feed
Өнер иесі отбасымен бірге тауға шығып, демалыстарының қалай өткенін көрсетті.
“3 мың 200 метр биіктікте тұрмыз. Балам бір арманыңызды орындайын деп, тауға алып шықты. Ел “Мамасы еріп алыпты деп шулап кетер, әкеңмен-ақ шыға беремін” десем, “Намыстанатын анам жоқ. Жүргеніңіз жүрген. Айтқан адам әрі қарай да айта берсін” деді, – деп жазды продюсер.
-
"Бомба түскендей": Продюсер Гүлзира Айдарбекова үйіне ұры түскенін айтты
-
"Психологиясына әсер етті": Гүлзира Айдарбекова Қайратты "мамасының баласы" дейтіндерге жауап берді
Еске салайық, "Мамасының баласы" деп мұқататын жұртқа Гүлзира Айдарбекова үндеу жасаған еді.
“Қайраттың ата-анасына, бізге деген ерекше құрметіне разы адамдар 80% болса, 20 пайызы азғырумен келеді. Ой “мамасының баласы” дегеннен бастап мұқатып отырады. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімін ешкім алып тастай алмайтынына көздері жетер емес. Алланың берген бағымен таласуынан өз ұрпағына зиян келетініне де күмәні бар не қысқа ойлайды, санасы жетпейді”, – деп ойын бөліскен еді продюсер.