Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір аптаның ішінде Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 7% артты

Бір аптаның ішінде Қазақстанда 11 мыңнан астам коронавирус жұқтырған науқас тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтангазиев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осы уақытқа дейін елімізде коронавирус инфекциясының 65 188 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 32 248 белгілері бар, 25 688 пациент емделуді жалғастыруда, 39 066 пациент сауығып кетті. Соңғы аптада 6 мен 12 шілде аралығында 11 325 науқас тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда өсім 6,7% құрайды", - деді Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, соңғы бір тәулік ішінде елімізде 1674 жаңа жағдай тіркеліп, 2,6% артқан. Жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматы қаласында - 219, Атырау облысында - 218 тіркелді.

"Ең көп өсім Солтүстік Қазақстан облысында байқалды, ол 5,1%, ал Шығыс Қазақстан облысында - 3,9%. Жалпы, республика бойынша 25 688 емделу жалғасуда, оның ішінде 192 бала, ауруханада 9 966, амбулаториялық негізде 15 722 адам", - деп қорытындылады Сұлтанғазиев.

STAN.KZ
Бейсенбі, 16 Шілде, 2020 10:42
Талқылау