Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір ағаш та қалдырмаған": Алматыда тұрғындар мектепті үлкейту үшін ағаштарды кесіп тастағанына наразы

Алматыдағы "Самал-3" шағынауданында мектеп құрылысына байланысты дау туындады. Жергілікті тұрғындар мектепте кеңейту үшін қылқан жапырақты ағаштарды кесіп тастағанына наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ағаштар

Ағаштарды кесіп тастағаны туралыНиколай Житник есімді желі қолданушысы Facebook желісінде жазды. Сөзінше, мектеп құрылысы үшін аллеядағы ағаштарды толық кесіп тастаған.

"Барлығын отап тастады, мектеп салып жатыр. Тым болмағанда бір ағашты қалдыруға болады ғой. Мемлекеттік органдар жекеменшік аумақ екенін айтып сытылып кетеді. Осы мектептің оқушылары құрылыс компаниясын сотқа береді деп үміттенемін. Мұнда үлкен қарағайлар болатын, Самал-3, 25-үй маңында. Сурет бір ай бұрын түсірілген", – деп жазды ол Дежурный по городу парақшасында. 

Қалалық экология басқармасының өкілдері аталған мекенжай бойынша жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес құрылысқа рұқсат берілгенін мәлімдеді. 

"Жоба бойынша аймақты көгалдандыру мәселесі де қарастырылғанын қосымша мәлімдейміз. Рұқсат аясында жалпы пайдаланымдағы аймақтарда өтем ретінде көшеттер отырғызады", – делінген хабарламада. 

Талқылау