Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір адамға жылына 700 доллар жұмсаймыз": Цой Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі басты проблеманы атады

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне баға беріп, медицинаның не себепті әлі дами алмай келетіндігін түсіндірді. Бұл туралы Цой журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алексей Цой

"Қазақстанның денсаулық жүйесін бағалау үшін бірқатар критерийлерге көңіл аудару керек. Еліміздің медицинасы тұрақтанған деп айтуға болады. Әрине, түзету керек дүниелер де бар. Біз қазір осы бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Медицинаға деген қолжетімділікті арттырудамыз. Дамитын тұстар өте көп. Халықаралық қатынастарымыз жақсы. Әдіс-тәсілдерді жүйелендіруміз қажет. Бес баллдық шкала бойынша Қазақстанның медицинасына төрт деген баға қояр едім", - деді Цой. 

Бұған қоса, ол ведомствоның бюджеті жайлы да айтып кетті. 

"Өткен жылы 1 трлн 662 млн 991 мың теңге болса, биыл біз 1 трлн 862 млн 672 мың теңгеге ие болдық. Қаражаттың артқанын көруге болады. Бұл коронавируспен ауырған науқастардың емі мен дәрігерлердің үстемақысына бағытталды", - деп қосты министр. 

Оның сөзінше, қазір министрлік ауылдардағы жағдайды түзетуге бет бұрған. 

"Қазақстанда 3000 дәрігер тапшы. Біз жыл сайын бұл жетіспеушілікті жою үшін мамандарды оқытып, даярлап шығарамыз. Елімізде медицинаға бөлінетін гранттардың санын арттырдық. Екіншіден, мемлекет басшысы дәрігерлердің жалақысын екі жарым есеге өсіруді тапсырды. Яғни, жыл сайын олардың жалақысын 30%-ға көбейтіп отырамыз. Үшіншіден, біз денсаулық сақтау жүйесін модернизациялаудан өткізудеміз. Байқасаңыздар, біз бұл тұрғыда қомақты қаржы жұмсап жатырмыз. Мәселен, жедел жәрдем көліктерімен жабдықтадық дегендей. Қазір ауылдағы медицинаға ден қоюдамыз. Біз үшін бірінші мәселе десем де болады. Қалаларда азаматтар медицина қызметіне оңай қол жеткізе алады, мұнда емханалар көп. Ал ауылдарда медициналық орталықтар жетіспейді. Міне, сол үшін елдімекендерді қажетті емханалармен қамтамасыз етпекпіз. Жергілікті әкімдіктердің назарын осыған аудартудамыз. Ол үшін "Ауыл ел бесігі" деген бағдарлама да әзірледік", - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, Қазақстанның денсаулық жүйесінің ақсап тұруының себебі бар. 

"Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін жалпы ішкі өнімннің 3,9%-ы инвестиция тартылады. Алдағы 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 5%-ға дейін арттыру тапсырылды. Менен көп адамдар "Неге отандық медицинаға сонша ақша аударылғанымен, біз Германияға, Оңтүстік Кореяға жете алмаймыз?" деп сұрайды. Қарапайым мысал, біздің елде бір азаматқа тек 700 доллар бөлінсе, айтылған мемлекеттерде 7000 доллар жұмсалады. Әрине, арасы жер мен көктей. Бұл елдерде кем дегенде денсаулық сақтау жүйесіне ЖІМ-нің 6%-ын бөледі. Орта есеппен 8%, АҚШ-та бұл көрсеткіш 12%-ға жетеді. Ал бізде 3,9% еді. Кезең-кезеңмен көтеретін боламыз. Алдағы уақытта шетелде ғана бар қызметтер Қазақстанда да болады",  - деді Цой.  


  • "Күзге дейін 95 мың адам вирус жұқтырады": Цой жаңа болжамдарын ұсынды

  • "Қазақстанда вакцинациялау үрдісі үш жылға созылып кетеді": Ғалымдар мен дәрігерлер Цойдың айтқаны орындалмайтынын жеткізді
Талқылау