Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір адам қаза тапты: Румыниядағы қазақстандық мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Румыниядағы "Petromidia" "ҚазМұнайГаз" ҰК мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстан бір адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір нысанда технологиялық процестер тоқтатылды.

“2 шілдеде Румынияның Констанца қаласының маңындағы "Petromidia" мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өңдеу қондырғысында оттың тұтануына әкеліп соққан оқиға орын алды”, – деді Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

KMG International компаниясының корпоративтік даму жөніндегі бас директоры Ескендір Әбдібайытовтың хабарлауынша, алдын ала ақпаратқа сәйкес бес адам зардап шекті, бір адам қаза болды.

Дағдарысты басқарудың ішкі рәсімдеріне сәйкес компания барлық ресурстарды жұмылдырды, зауыттағы технологиялық процестер тоқтатылды, барлық қызметкерлер эвакуацияланды.

"Қазіргі уақытта МӨЗ-дегі өрт сөндірілді. Оқиға орнында зауыт пен жергілікті биліктің өртке қызметтері жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда", – деді Е.Әбдібайытов.

Айта кетейік, "Petromidia" МӨЗ-і –  Қара теңіз жағалауында орналасқан және KMG International компаниясының Румыниядағы мұнай өңдеу зауыты.

Талқылау