Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір адам ғана тірі қалды: Алматы - Хоргос тас жолында ауыр жол апаты болды

Алматы - Хоргос тас жолында ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап.

Бір адам ғана тірі қалды: Алматы - Хоргос тас жолында ауыр жол апаты болдыАлматы - Хоргос тас жолында үлкен жол апаты болып, бірнеше адам қаза тапқан. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізуде. 

Жеңіл көліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Ауыр соққадан жүргізуші мен жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. 

Audi автокөлігінің жүргізушісі шығыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Ұзақ бұрылыста жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, көлік қатты ұшып кетіп, 20 метр қоршауды өзімен бірге сүйреп кеткен. Көлікте болған үш адамның біреуі ғана тірі қалды. Ол қазір ауруханада. Дәрігерлер науқастың жағдай өте ауыр деп отыр. 

Қазіргі таңда оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп, жол апатының қалай болғанын тексеруде. 

Талқылау