Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бипэк Авто" ісі: Топ-менеджерлер кінәлі деп танылғанымен сот залынан босатылды

Өскеменде "Бипек-Авто – Азия авто" компаниялар тобының сегіз топ-менеджеріне қатысты үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/bipekofficial

Оларға алаяқтық, ақша жылыстату және салық төлеуден жалтару бойынша айып тағылған.

2020 жылы "Бипек-Авто – Азия авто" холдингі Өскеменде толық циклды автомобиль зауытын салу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Осыдан кейін компания басшысына іздеу жарияланып, топ-менеджерлеріне қатысты тергеу басталды. 



Сот 2024 жылдың наурыз айында басталды. Айыпталушылардың қатарында Дмитрий Борзых, Константин Лобанов, Андрей Рябец, Елена Кузьмина, Александр Толстяков, Игорь Потапов, Ержан Мадиев және Галина Мокина болды.

Сот алаяқтық бабы бойынша айыпталған Елена Кузьмину, Игорь Потапов пен Ержан Мадиевті олардың кінәсі дәлелденбегендіктен ақтап шықты. Сонымен қатар, салық төлеуден жалтару және алаяқтық бабы бойынша айыпталған Галина Мокина да толықтай ақталды. 

Сот Ержан Мадиеваны мүлікке зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, оны екі жыл сегіз айға соттау туралы шешім шығарды. 

Александр Толстяков пен Андрей Рябец те екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айрылды. Константин Лобанов пен Дмитрий Борзых екі жыл алты айға сотталды.

Алайда судья барлық айыпталушыларды 2021 жылдан бері тергеу изоляторында және үйқамақта өтеген мерзімдеріне байланысты жазадан босатты.

Еске салсақ, бұған дейін "Азия Авто - Бипек Авто" компаниясының бұрынғы басшыларына 230 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырды деген айып тағылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау