“Білмедім”: Данэлия Төлешова америкалық шоуда Димашпен бақталастық жайлы
Бүгін Данэлия Төлешованың The World’s Best шоуында өнер көрсеткен сәті жарияланды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Данэлияның 96 ұпай жинағаны белгілі болды. Әділ-қазылар алқасы оның өнерін 47 ұпайға, ал сарапшылар 49 ұпайға бағалаған. Бұл ретте Данэлия Америкада өтіп жатқан шоу және Димашпен бақталастық жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Шоудың форматы бойынша, бізге бір-бірімізбен сөйлесуге тыйым салынды. Біз тіпті, бір-біріміздің өнерімізді тамашалай алмадық. Енді ғана шоуды тамашалап, күнделікті дәлізде, бояну бөлмесінде көріп жүрген адамдардың өнеріне таңданып жатырмын. Бақталастық күшті екенін енді түсіндім”, – деген Данэлия бұл байқауға Димаштың да қатысып жатқанын білмеген.
Айтуына қарағанда, бір-бірін көрген кезде ол да, Димаш та қатты таңғалған. Бір жағынан жерлесін көргеніне қуанса, екінші жағынан бақталас болатынын ойлап мұңайған.
Сондай-ақ, Данэлия бұл шоуда әйгілі Pink-тың продюсері Мигель Гендельманның өзіне музыкалық продюсер болып жатқанын айтып өтті.
Данэлия не себепті АҚШ-тағы шоуда қайтадан Rise Up әнін орындағанын түсіндірді (ред. бұл әнші Данэлия екі жыл бұрын Украинада өткен “Голос.Діти” байқауында да орындаған болатын). Айтуынша, мұндағы талап бойынша үміткерлер өздері орындай алатын әндердің тізімін ұсынады. Ал музыкалық продюсерлер соның ішінен таңдау жасайды.
Бұған дейін, шоу төрешілерінің Данэлияның өнеріне таңдай қағып, көздеріне жас алғанын жазған едік.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
