Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билл Гейтстің қоры әлемнің даму жолы 20 жылға артта қалғанын мәлімдеді

Коронавирустық пандемия әлемді 20 жылды артқа тастады. Бұл мәлімдеме Билл мен Мелинда Гейтс қорының есебінде келтірілген.

"Бірнеше айдан бері бүкіл әлемге таралған пандемия халықаралық ұйымдардың бірнеше жылдар бойы ұмтылған нәтижелерін кері қайтарып жіберді", делінген құжатта. Осылайша, осы уақыт аралығында өте кедейлік жағдайда өмір сүретіндер саны жеті пайызға өсті, ал басқа ауруларға қарсы вакцинация деңгейі 1990 жылдардың деңгейіне дейін төмендеді.

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы және миллиардер Билл Гейтстің айтуынша, туризм индустриясының жандануы және дүниежүзілік банктің зардап шеккен елдерді қалпына келтіру үшін несие беру арқылы бұрынғы көрсеткіштерге екі-үш жылдың ішінде оралуға болады.

«Өзара ауырлататын апаттар» - бұл COVID-19 пандемиясын сипаттаудың ең жақсы тәсілі.

Біріншіден, вирустың өзі пайда болды, содан кейін үкіметтер онымен күресу үшін ресурстарды қайта бөле бастады, содан кейін адамдар жұқтырудан қорқып дәрігерлерге баруды тоқтатты: мұның бәрі денсаулық сақтау саласындағы апаттың элементтері», - деп басылым баяндамадан үзінді келтіреді.

15 қыркүйектегі жағдай бойынша әлемде коронавирусты жұқтырған 29,3 миллионнан астам адам бар, оның 930 мыңнан астамы қайтыс болды, тағы 19,9 миллионы сауығып кетті. Ауруды жұқтырғандардың дені АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Перуде.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 16 Қыркүйек, 2020 18:53
Талқылау