Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Билл Гейтстің ауру тарататын масалары": Денесіне сан таңбаланған жәндіктер қазақстандықтардың үрейін қашырды

Желіде денесі санмен таңбаланған масаның бейнежазбасы жұрттың үрейін қашыруда. Халық кішкентай масаның  анық таңбаланғанына таңғалуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цифрланған маса бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода ер адам саусағына қонған масаның қанатын көтеріп, денесіндегі сандарды көрсетеді.

“Мінекей, қараңыздар. 36 деген нөмір таңбаланыпты”, — дейді бейнежазба авторы.

Бұл жағдайға пікір білдірушілер қатары көп. Бірі бұл бейнежазбаның қолдан жасалғанын айтса, енді өзгелері әр цифрға тиесілі ауру болады дегенді алға тартуда.  Сондай-ақ видео астына бұл "Билл Гейтстің масасы" деп жазылған. Алайда Stopfake.kz порталы бұл айтқан мәліметті жоққа шығарды. 

“Суреттерді іздеуге арналған құралдардың көмегімен видеода маса емес, күміс қайың бітесі немесе Euceraphis betulae көрсетілгені анықталды. Бозғылт жасыл немесе бозғылт сары түсті жәндіктердің денесінде өрнектерге және сандарға ұқсайтын тұтас және үзік-үзік қара көлденең сызықтар болады. Желіде 38 санына ұқсайтын өрнегі бар осындай бітенің суреті бар.
Жануарлардың түсінен, ерекше бұлттардан, тіпті ірімшік қосылған тосттан санды немесе символды жиі байқалады. Бұл апофенияның салдары. Яғни, кездейсоқ ақпараттан заңдылықтар мен мағынаны көруге бейімділік”, – делінген жазбада. 

Порталдың мәліметінше, бітенің денесіндегі 36 немесе 38 сандары әдейі жазылмаған. 

"Билл Гейтстің масаларына" келетін болсақ, ондай масалар бар. Айта кетейік, олардың денелерінде реттік нөмірлер жоқ және басқа жәндіктерден еш айырмашылығы жоқ. "Билл Гейтстің масалары" деп филантроп демеушілік ететін арнайы фермаларда өсірілген масаларды атайды. Бұл масаларға Wolbachia бактериясы әдейі жұқтырылады, бұл масалардың сары безгегі, денге безгегі, Зика вирусы және т.б. қауіпті ауруларды тасымалдауына жол бермейді. Осылайша, Wolbachia бактериясы масадан масаға жұғады, бұл өлімге әкелетін ауруларды таратуы мүмкін масалар санын едәуір азайтады. Осы жобаның арқасында Индонезияның Джокьякарта қаласында денге безгегі ауруы 77%-ға төмендеді, ал 2015 жылдан бастап осы диагнозбен ауруханаға жатқандар саны 86%-ға азайды”, – делінген портал берген мәліметте. 

Талқылау