Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен бұл кісіні өмір бойы үлгі тұтамын": Билл Гейтстің әкесі қайтыс болды

Майкрософттың негізін қалаушы Билл Гейтстің әкесі қайтыс болды. Ол өмірінің 94 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гейтс 14 қыркүйекте АҚШ-тың Вашингтон штатында жағажайдағы үйінде қайтыс болды. Ол Альцгеймер ауруына шалдыққан. Гейтстің денсаулығы біртіндеп нашарлай түскен.

Билл Гейтс өзінің әкесінің 94 жасында қайтыс болғаны жайлы желідегі парақшасында жариялаған.

"Менің әкем нағыз мақтантұтардық азамат еді. Мен әкемнің жолын қууға тырыстым. Бірге өткізген күндерімді сағынатын боламын. Мен өзімді осы адамның отбасында дүниеге келгенім үшін бақытты санаймын", - дейді Билл Гейтс.

Сөзінше, ол университеттегі оқуын аяқтамай тастап кеткен күннің өзінде болашағы жайлы алаңдамаған. Себебі Гейтс үнемі әкесінің қолдауына сеніп келген. 

"Менің алға қойған мақсаттарымды қалыптастыруда әкемнің еңбегі зор. Ол бізді жан-жақты дамыған тұлға ретінде өсуімізге көп көңіл бөлді. Мен әкемді өмір бойы үлгі тұтамын", - деп қосты Билл Гейтс. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр