"Білімдірек, жауапкершілігі жоғары": ZTB паблигінің иесі Марғұлан Тұрсыновтың этностар туралы пікірі қоғамда наразылық тудырды
Фото: Марғұлан Тұрсыновтың желідегі парақшасынан
Әлеуметтік желіде ZTB паблигінің иесі Марғұлан Тұрсыновтың жазған пікірі қызу талқыланып жатыр. Ол өз жазбасында кейбір этностарды "басқаларға қарағанда білімді, жауапкершілігі жоғары және тұрақты" деп сипаттаған. Бұл сөздер қолданушылар арасында наразылық тудырып, бір ұлтты екіншісінен жоғары қою ретінде бағаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марғұлан Тұрсынов кейінгі уақытта елімізде орыстарға қатысты ұлтшылдықтың күшеюі байқалып отырғанын жазды.
"Қазақ ұлтының өкілі ретінде мойындаймын. Менің орыс халқына деген ерекше көзқарасым бар. Көптеген мәселе бойынша, мысалы, техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия сияқты салаларда мен көбіне оларға жүгінемін. Себебі оларды білімдірек, жауапкершілігі жоғары әрі тұрақты деп есептеймін. Ашық айтсам, күнделікті тұрмыста оларсыз маған қиын", – деп пікір білдірді Марғұлан Тұрсынов.
Фото: Марғұлан Тұрсыновтың желідегі парақшасынан
Марғұлан Тұрсыновтың бұл жазбасынан кейін белгілі қарсы сарапшысы әрі қоғам белсендісі Айбар Олжаев оны сотқа беретінін айтты.
"ZTB паблигінің иесі @margulan_tursynov жазған "они более образованы, ответственные и стабильные" деген формулировка бір ұлтты бір ұлттан жоғары қою болып тұр. "Превосходство арийской расы" деген Гитлер фашизмінің идеологиясы тура осылай құрылған. Бұл тұрғыда Марғұлан Тұрсынов ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабын бұзуы мүмкін. Осыны тексеру бойынша жаңа ғана Бас прокуратураға мәліметтерді қосып, арыз жолдадым. Прокуратура не өзі тексереді, не Ішкі істер министрлігіне жолдайды", – деп жазды Айбар Олжай.
Кей оқырмандар мәтіндегі кейбір тұстарды, мысалы "превосходство" деген сөзді, өздерін ыңғайсыз сезінетіндей қабылдаған. Олардың айтуынша, бұл жерде халыққа деген қолдау емес, керісінше біршама жоғарыдан қарау байқалған. Сондықтан мәтіннің түпкі месседжі жақтау ма, әлде сын ба нақты айтылмай тұр дейді.
Солтүстік Қазақстанда жүкті мұғалім орыстарды қорлады деген айыппен сотталды
Еске салайық, бұған дейін Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған қылмыстық кодекстің "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған. Кейін полиция департаменті Темірлан Еңсебекті “ұлтаралық алауыздықты қоздыратын айқын белгілері бар материалды орналастырғаны” үшін ұстағанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының дерегінше, қазір Еңсебек Instagram парақшасында жариялаған “Йоу, орыстар” әнінің авторы іздестіріліп жатқан көрінеді.

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
