Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қанша жалақы алатынын айтты. Вице-министр ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында журналистер сұрағына жауап берді.
«Бізде ешқандай үстеме ақы, қосымша төлемдер жоқ. Мен шамамен 600 мың теңге жалақы аламын. Бұл айлықты саяси мемлекеттік қызметші ретінде алып отырмын”, – деп жауап берді вице-министр.
Бибігүл Асылова мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне және білім деңгейіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Ол 2016 жылдың маусым айынан бері вице-министр қызметін атқарып келеді.
Оның айтуынша, 1 қаңтардан 90 мыңға жуық мұғалім, ал 1 қыркүйектен бастап тағы 200 мың педагог 30 пайыз мөлшерінде үстеме ақы алады.
Тағы оқыңыз:
Бұрынғы әріптестері жаңа министр Мәдина Әбілқасымованың қандай екенін айтып берді
Мәдениет министрлігі Алматыдағы Әуезов театрына жаңа басшы тағайындады
Премьер-министр Елбасының сынынан кейін үкіметтің сенбілік отырысын өткізді