Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министрі: Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек

Мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керек. Соған сәйкес барлық мектептерде интернет жүйесі тексерілетінін айтты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Біз электрондық журналды қағаз есепке теңестірдік. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керекпіз. Оны қайталап тағы қағаз түрінде толтыру қажет емес және оған тыйым салынды. Тиісті бұйрық қабылданды», – деді министр.

Сонымен қатар Е. Сағадиев бүгінгі күні мектептің мұғалімдері жүргізетін құжаттар бекітілгенін сөз етті.

«Олар тек 5 құжатты толтырады және электронды жүйеге қосылған болса, барлығын электронды түрде жүргізуге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты да бұйрық бар.  Алдағы уақытта мұғалімдер өздерінің функцияларына сәйкес емес жұмыстарды істемеуі үшін, барлық деңгейдегі басшылар аталған мәселені өз бақылауында ұстауы керек», – деді ведомство басшысы.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде әскери қызметкер жалдамалы жұмысшысын өлтірген

Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды

Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Қорылдаған адам ұйықтап жатып өліп кетуі мүмкін

Талқылау