ҰБТ-да шпаргалка қолданғандардың тест нәтижелері жойылды

Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-да шпаргалка қолданған оқушылардың тест нәтижелерін жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҰБТ

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында мәлім етті. 

"2019 жылы 128 телефон алып кіру фактісі орын алып, 24 талапкердің ғана ҰБТ нәтижелері жойылса, ал 2020 жылы тыйым салынған заттар табылған барлық 2500 адамға қатаң шара қолданылды. Иә, ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендеді, пайыздық мөлшерде шекті балл жинаған талапкерлердің саны едәуір азайды.

Оқушылармен қатар, тексеру комиссиясы да кейбір олқылықтарға жол берген. Олар комиссия құрамынан шығарылып, қызметтен шеттетілді. 

"Биыл ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны немесе жұмысты нашар ұйымдастырғаны үшін 20-дан астам комиссия мүшелері мен басшылары жазаланды. Күн сайын ҰБТ пунктеріндегі комиссиялардың құрамына өзгертулер енгізуге, міндетіне немқұрайлы қараған әріптестерімізді ауыстыруға немесе бұл жұмыстан шеттетуге тура келді", - дейді Аймағамбетов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр