Білім министрлігі 11-сынып үшін оқу жылының ұзартылуы жайлы сыбысқа жауап берді
ҚР Білім және ғылым министрлігі 11-сынып үшін оқу жылының 1 шілдеге дейін ұзартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Кейбір БАҚ өкілдері еліміздің мектеп түлектері үшін оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзартылады деп хабарлаған болатын.
“Оқу жылы жоспарлы мерзімде аяқталады, мектеп бітірушілер емтиханы 1-10 маусымда өтеді. Ешқандай өзгеріс жоқ. Оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзартылмайды, тек оқушылар мектептен 1 шілдеде шығарылады, себебі мектептер олардың тіркеуден өтіп, ҰБТ тапсыруы үшін жауапты”, — делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.
Қазақстанның Білім министрлігі бұдан бұрын Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын ұсынған еді, соған сәйкес тест сынағы ЖОО-на түсу үшін тапсырылады, ал түлектерге аттестат беру үшін мектептерде емтихан өткізіледі.
Тағы да оқыңыз:
Көкшетау имамы өзіне сыйлаған көлікті мешіттегі тазалықшы әйелге берді
Рахымжанмен бірге Рейхстагқа ту тіккен Гриша әділетсіздікке шыдамай асылып өлген
Бауыржан Момышұлы туралы қызықты 13 дерек
Бақаны тірідей жұтқан қазақ жігіті жұрттың жүрегін айнытты (видео)