Мектептерде вакцинация жүргізіле ме? Білім министрі жауап берді

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқ, мәжбүрлемейді де. Мектептердегі медициналық бөлімді бірнеше жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігіне өткіздік. Біреуге мәжбүрлі түрде салдыру деген әңгіме жоқ", - деп атап өтті министр БҒМ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қазақстандық вакцина зерттеудің үшінші клиникалық кезеңінен өтуде.

"Біз бәрін хаттамаға, халықаралық стандартқа және талапқа сәйкес жасаймыз. Барлық принцип пен нормаларды сақтауымыз керек. Бұл өте маңызды, өйткені әңгіме халықтың қауіпсіздігі туралы болып отыр, сондықтан да біз әрбір рәсім бойынша барлық талапты орындаймыз. Наурыз айының ортасында біз бұл вакцинаны шығарып, азаматтарды вакцинациялауды бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл жерде вакцинаны дайындауға қатысты осы мәселелер, ғылыми бөлім Білім және ғылым министрлігінің құзырында екенін, ал вакцинациялаудың келесі мәселелеріне қатысты БҒМ құзыретіне кірмейтін мәселелер екенін еске салғым келеді, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр